“ҚАЗАҚСТАН” СПОРТ САРАЙЫ
салыну жылы - 2000ж.Жалпы ауданы 22 000 м2 астам, 4 этаж, 8 жолға арналған 50-метрлік бассейн, 5000 көрерменге арналған хоккейдік мұз аренасы, қонақүй, мейрамхана, кафе, барлар орналасқан.
2001 жылы «Қазақстан» Спорт сарайы өзінің бірінші келушілерін қабылдады. «Қазақстан» СС біздің құрылыс-климаттық аймағымыз үшін жеке құрастырылды. Ол өзіне жабық та, ашық та спорт алаңдарын енгізеді. Кешенде мұз айдыны мен бассейндер (ересектерге және балаларға арналған) ғана емес, сонымен қатар қосымша жаттығу залдары – акробатикалық, күштік дайындық, хореографиялық, теннистік корт, мини-футбол үшін алаң және көптеген басқа да бар.
Қасбеттің үлкен ұзақтығы мен салыстырмалы түрде кішкентай биіктігі бұл құрылысты пропорционалды қатынаста жеткілікті түрде күрделі етті. Бұл міндетті шешу үшін біздің сәулетшілер қасбеттердің көпжоспарлылығын пайдаланды. Өткір формалар мен көлемдер, композицияның симметриялы еместігі – бұл «Қазақстан» Спорт сарайын тек жеңіл танылатын және қайталанбас қана етпей, сонымен қатар қарқындылығы мен силуэттің қазіргі замаңдылығымен тартымды етті. Линиялардың қарқыны «Қазақстан» СС Астана қаласының басқа спорт мекемелерінің жанында анық бөлінетін етіп жасады. «Қазақстан» Спорт сарайының негізгі түстері металлик және ультрамарин кездейсоқ таңдалмаған. Бұл су (бассейн) мен мұзды (конькилердің болаты) білдіреді. Бұл жоба сау экология көз-қарасы тұрғысынан оң жобалардың бірі болды. Экологиялық проблемалар – қазіргі замаңның өткір тұрған проблемаларының бірі. Біздің жағдайда экологиялық зақым минимум болды. Мұз айдыны мен бассейнге қызмет көрсетудің өзара әрекеттесуі біздің жобада барлық қызметтерді интеграциялаумен шешілді.
«Қазақстан» Спорт сарайы – жоғарылатылған үнемділік пен энергияны үнемдеуде ең қызықты құрастырулардың бірі. Айдынның суытқыш машиналарымен шығарылатын жылуы атмосфераға лақтырылмайды, жылуалмастырғыштар арқылы көтеріледі және бассейндегі суды қыздыру үшін пайдаланылады. Экономикалық эффект жылына шамамен 2,5 млн. теңгені құрайды.
Бір шатырдың астында мұз айдыны мен бассейнді біріктіру - «Қазақстан» Спорт сарайының басты ерекшелігі. Спорттың көптеген түрлері бойынша спорттық жарыстарды өткізу ғана емес, сонымен қатар мәдени-көпшілік шараларды да өткізу қарастырылған. Мұз айдынын арнайы жылуоқшаулайтын қалқандармен жабу 40 минут ішінде мұзды спорт жарыстары үшін аренаға немесе мұзды ерітусіз қоғамдық шаралар үшін айналдыруға мүмкіндік береді.
Біздің сәулетшілер құрастырған «Қазақстан» СС адамдарға тек денсаулық ғана әкелмейді, сонымен қатар экологияның барлық талаптарына жауап береді, біршама экономикалық тиімділік әкеледі.