ЖШС «ВЛ» сәулеттік-құрылыс компаниясы

ЖШС «ВЛ»-де сәулет және қала құрылысы әрекеті саласындағы жұмыстар орындалады. Негізгі бағыт — қалалық мәні бар тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың объектілерін жобалау.

Жобалау принциптері — функционалдылық, амалдарды таңдаудағы байсалдылық, бөліктер мен жалпының өзара әрекеттесуінің кеңістік логикасы, сезіну кезіндегі белсенді позиция — фирманың жұмыстарының танымалдылығының негізгі құраушылары болып табылады.

Жұмыс істеп жүрген 19 жыл ішінде фирманың жобалары бойынша Астана қаласында 16 астам тұрғын үй объектісі және азаматтық белгіленуге ие 10 объект жүзеге асырылды. Олардың арасында: «Қаржы министрлігінің» ғимараты, «Қазақстан» спорт сарайы, қалалық Әкімшіліктің ғимараты (Кенесары көш.), «Азия» бизнес-орталығы, «Северная корона», «Отырар», «Сары-Арқа», «Арман», «Столичный» және т.б. тұрғын үй кешендері. 2009 ж. Республикалық маңызы бар объекттің құрылысы аяқталды – жалпы ауданы – 41670,5м2, 10 000 көрермендерге арналған коньки тебу стадионы.

Жобалау фирмасында кез-келген қойылған сәулеттік міндеттерді кәсіптік деңгейде шешуге қабілетті біліктілігі жоғары мамандар еңбек етеді. Фирманың жанында макеттік шеберхана жұмыс істейді. Ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі жобаланатын көлемнің сауатты конструктивтік және сәулеттік-көркем шешімі болып табылады, бұл қала ортасының визуалды көрінісін байытуға және түрлендіруге мүмкіндік береді

Фирма марапатталды:

  • «Зодчество 2001» халықаралық сәулет фестивалінің Алтын Дипломымен, Мәскеу қ.
  • «ALTYN SHYRAK» ARCHITECTURAL BEAU MONDE 2001 дипломы және арнайы жүлдесімен, Астана қ.
  • 2000 жылдың ең үздік құрылысы үшін 1 дәрежелі дипломмен, Астана қ.
  • Қазақстанның Сәулетшілер Одағы, Сәулеттің халықаралық Академиясының дипломдарымен.
  • Қазақстанның Сәулетшілер Одағы Республикалық ұйымының дипломдарымен.