МАКЕТТІК ШЕБЕРХАНА

ЖШС «ВЛ» макеттік шеберханасы 2002 жылы ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде әр-түрлі объекттердің шамамен 150 макеті дайындалды. Макеттік шеберхананың ұжымы ең жаңа полимерлік материалдарды қолданады. Тетіктер тегістеп сырланады және алғашқы түрді және ультрафиолет сәулелері мен тозуға тұрақтылықты ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін арнайы бояулармен боялады. Макеттерді дайындау үшін максималды көрнекілікті қамтамасыз ететін қашықтықтан басқару пульттерін қолданумен үш және одан жоғары топтарға күрделі қосумен жарықтық техникасы пайдаланылады. Макеттердің барлық тетіктері максималды дәлдік пен күрделі түйіндерді дайындаудың мүмкіндігіне ие қазіргі замаңғы жабдықтарда орындалады.

Шеберхананың мамандары кез-келген бастапқы материалмен (жұмыс жобаларынан эскиздік нобайлары мен фотографияларға дейін), пысықталудың әр-түрлі деңгейі мен ауқымымен жұмыс істейді. Шеберлердің кәсіпқойлығы макеттерді дайындаудың мерзімін максималды қысқартуға мүмкіндік береді.

АВТОРЛЫҚ ҰЖЫМ
М. Тасымов