КОНЬКИ ТЕБУ СТАДИОНЫ

салыну жылы - 2009ж.

Есіл өзенінің сол жақ жағалауы Қазақстан Республикасының астанасының жаңа орталығы болды. Сәулеттік шешімдер, фантазиялар мен батыл жобаларды жүзеге асыру үшін кеңістік Астана қаласының осы бөлігінде сәулеттің інжулерін құру мүмкіндігін берді.

Қаланың сол жақ бөлігінің Олимпиадалық аймағының маңызды құрамдас элементтерінің бірі біздің сәулетшілер жобалаған коньки тебу стадионының ғимараты болып табылады. Қазақстандық даланың кеңістіктері, көктемде оянатын табиғат, жасыл ала қарларда пайда болатын бәйшешектер – осының барлығы біздің коньки тебу стадионының жобасының образына әсер етті.

Қазіргі коньки тебу спорты өте шапшаң және жылдам. Бұл үлкен жылдамдықтардың, белсенділік пен төзімділіктің спорты. Коньки тебу спорты стадионның силуэтін жобалау үшін негіз болды. Біздің жобаны бір сөзбен сипаттауға болады – ол қарқындылық. Бұл жаңа коньки тебу стадионына қараған кезде туындайтын бірінші сезім және есте ұзаққа қалады. Астана қаласындағы болашақ коньки тебу стадионы спорттың осы түрінің орталықтарының бірі болуы керек. Біздің сәулетшілер жобада көкке көтерілетін мұнараларда-гүлдерді кездейсоқ пайдаланған жоқ. Бұл мұнаралар спортсмендердің жеңіске деген ұмтылысын, рухты, мінезді, мақсаттарға жету мен жаңа биіктіктерді білдіреді. Бәйшешектер біздің жобамыздың образдарының бірі кездейсоқ болған жоқ. Жоғарыға көтерілуге ұмтылу, жаңа жеңісті алу, өз биіктігіне қол жеткізу – біздің жобамызда беруге тырысқан образ осы.

Коньки тебу стадионының ғимаратында мұз айдыны орналасқан, ол 10000 көрерменді қабылдай алады. Коньки тебу стадионы коньки тебу спортына ғана емес, сонымен қатар шорт-трек, канадтық хоккей (2 өріс), керлинг және мәнерлеп сырғанау үшін арналған. Коньки тебу стадионында бар жанама ғимараттар – қонақүй, жаттығу залдарымен фитнесс-орталығы, әкімшілік блок. Барлық осы ғимараттар ақ шатырмен бірыңғай кешенге біріктірілген.

Мұз аренасының технологиясы мен жабындының негізгі жауапты салмақ түсетін конструкцияларын жобалаған кезде Голландия мен Германиядан жетекші еуропалық компаниялар тартылды.

Өткір формалар мен үлкен ой жүктемесімен образды тудыратын көлемдер, көрермендер мен спортсмендер үшін максималды жайлылық, қазіргі замаңғы технологиялар, экологиялылық – спорт құрылыстарының әлемдік стандарттарына жауап беретін ғимаратты құрайтын ғана емес, сонымен қатар белгілі әлемдік стадиондармен бір қатарда тұратын негізгі критерийлер осы.

АВТОРЛЫҚ ҰЖЫМ

сәулетшілер: В. Лаптев, А. Пирожков, Е. Журавлева, И. Яценко, Л. Лебольд, А. Хлопчаров
конструкторлар: А. Панченко, А. Скворцов “BeaTeam” Германия, Е. Есенгельдина, Л. Лозанова, Н. Щекина, О. Дергачева, Д. Логвиненко, Мусальдинов
инженерлер: В. Поздняков