“ШЕЛКОВЫЙ ПУТЬ” САУДА-ӘКІМШІЛІК ОРТАЛЫҒЫ
эскиздік жобаЖалпы ауданы шамамен 26000м2. 13-этаждық ғимарат өзіне жерасты және ашық паркингті, супермаркетті, жиһаз дүкенін, кафе, офистік жайларды енгізеді.
Біздің фирмамыздың жаңа жобасы –ол «Шелковый путь» сауда-әкімшілік орталығы. Объект қалаға кіретін негізгі трассалардың басында орналасқан. Сондықтан ғимарат тамаша визуалдық бағдар ғана емес, сонымен қатар берілген бағыттағы бірінші әсер қалдыратын орын.
Жобаның негізіне қазіргі замаңғы ықшамды формалардың бұрыңғы замаңның нәзіктілігімен контраст идеясы қабылданған. Екі диаметральды қарама-қарсы стилистикалардың бұл үйлесуі «Шелковый путь» сауда-әкімшілік орталығына қайталанбастық береді және осындай түрдегі объекттердің жанында ерекшелендіріп тұрады.
Осы идеяны жүзеге асыру үшін жазираның образы таңдалды – ыстық құмдағы жасыл желектің салқындығы. Объекттің композициясы горизонталдық көлемнің тыныштығы мен оның вертикалды бөлігінің екпінділігінің контрасттылығы болды. Сауда блогының үш этажды стилобатты бөлігі композицияға негізділік, тұрақтылық пен ауқымдылықты береді, ол жоғарыдағы әкімшілік блогының мұнарасының қарқындылығын жақсы көрсетеді.
Объекттің сауда бөлігі үлкен, ірі формалар мен жазықтырдан тұрады. Жайлардың спецификасы мен тағайындалуы жарықтық амалдардың минималды мөлшердің болуына әсер етті. Интерьердік композицияларды құруда жасанды жарықты белсенді пайдалану жоспарланады. Кешенде тек жиһаз салоны мен супермаркет ғана емес, сонымен қатар үлкен жер асты паркинг қарастырылған. Паркингтің, сауда этаждары мен кешеннің биіктік бөлігі арасындағы байланысы сатылардың, эскалаторлар мен лифттердің көмегімен жүзеге асырылады.
Әкімшілік-сауда орталығының келушілерінің ыңғайлылығы үшін сатып алушылар мен офис жұмыскерлерінің арындары бөлінген, алайда әрқайсыларының 4 этажда орналасқан кафеге баруларына қиындық соқпайды. Осы деңгейден шатырға шығу қарастырылған, онда жазғы кафені орнату жоспарланады. Горизонталдық және вертикалдық көлемдердің жанасу орнындағы пайда болатын шатырлар нақышты жіңішке сызықтармен ғимараттың бүтіндігін көрсетеді. Тіректерде созылған ақ түсті материяның ауалы формаларының жеңілдігі нәзіктік пен нәзіктілікті белгілейді.
Әкімшілік блок – ол биіктік. Жоғарыға көтерілетін шығыс ескі қаланы «орайтын» щыныланудың жатық иілістері көлемнің мәнін ерекше көрсетеді – жаңашылдық пен өнертапқыштықты, логика мен шығармашылықты – жобамызды жоспарлаған кезде осындай сезімдерді туғызуға тырыстық.
Қасбеттердің жаппай шынылануы әрбір кабинетке «күнді», қалаға ашық бейнені және интерьердегі тамаша мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Жоғарғы этаждардың шешімі – бұл тек жұмыс және бизнесті жүргізу орны ғана емес – ол мәртебе, бедел, стиль. Формалардың барлық төтендігіне қарамастан, функционалдылық, жайлылықтың сақталғандығын және қауіпсіздік нормалары ұсталғандығын атап айту керек.
Шығыстың ғимараттары мен құрылыстарының формаларын талдау «ескі қаланың» сәулетінің негізінде жатыр. Екі негізгі күмбез композицияның орталығы болып табылады, бірақ олардың бірі ғана «жұмыс істейді» - жапондық «тастар бағының» бұл эффектісі күмбездердің орналасу биіктігі мен олардың жақтар бойынша бытырап орналастырылуының есебінен құрылады. Тілендиев даңғылы бойынша солтүстік қасбеттің алдыңғы жоспарында мұнара жоғарғыға кетеді, өзінің қатаң вертикалімен ғимараттың биіктік бөлігінің қисындылығын ерекше көрсетеді.
Оңтүстік қасбеттің шешімі қысқалау. Саңлаусыз қабырғаның вертикалі үлкен емес, бірақ пропорциялары бойынша ауқымды мұнарамен аяқталады, ал балкондардың қоршауларының горизонтальдері қасбеттегі линиялардың жатықтығын туғызады.
Қазіргі замаңғы функционалды іскерлік пен өткеннің шығыс жұмбақтылығы кезеңдердің қосылу атмосферасын, олардың жемісті өзара әрекеттесуі мен әсемдігінің атмосферасын туғызады.