ҰЛТТЫҚ КОСМОС ОРТАЛЫҒЫ
Әрбір сәулетшінің арманы – гравитацияны жеңу – 2010 жылы Ұлттық космос орталығы жобасында жүзеге асырылды. Еркін кеңістік құрылыстар және табиғаттың іргелі күштерінен тәуелсіздіктің визуалды көрінісі, планетарлы монументалды геометриялық фигураларды қолданудағы сенімділік, космизмнің ерекше рухын кешеннің әрбір тетігі шашыратады.
Жалпы ауданы 300000 ш. м. астам Ұлттық космос орталығының құрылымы – шынайы космос қалашығы. 30 гектардан астам территорияда космос инфрақұрылымының объекттері ғана емес, сонымен қатар Қазкосмостың әкімшілік ғимараттары, тұрғын үй кешендері, білім беру, ғылым және әлеуметтік объекттері орналасқан.
Стратегиялық маңызға ие объектті жобалау арнайы ең жақсы жаңа материалдарды, функционалдың белгіленуге байланысты әрбір жай үшін жеке есептелген ең күрделі инженерлік және конструктивтік жүйелерді қарастырады.
Орталықтың сәулет бейнесі «жерден тыс» сипатқа ие, ал жоғарыдан көрінісі марсиандық кратерді еске салады, ракеталық-космостық мұражайдың ашық экспозициясы образға толықтылықты береді. Кешеннің доминантасы – Космос орталығының басты ғимараты – құрылымды түрде космос станциясын еске салады: негізгі конструкциялардың тізбектелген элементтерімен вертикалды осьті. Консольдердің арқасында ғимараттың жеке бөліктері бұзылған гравитацияның образын жүзеге асырып, ауада қалқып тұрған сияқты.
Жобаның ауқымдылығы, жаңа технологиялар мен материалдардың, ерекше сәулеттік айқындылықтың арқасында Ұлттық космос орталығы – аэропорттан келе жатқан жолда кездесетін Астананың бірінші объектісі – Қазақстанның космостық мемлекеті екендігін хабардар етеді.
АВТОРЛЫҚ ҰЖЫМ
сәулетшілер: В. Лаптев, Р. Артыков, И. Яценко, Л. Голополосоваконструкторлар: Н. Французова, М. Сулейменов
инженерлер: В. Поздняков, Е. Авдонина, Е. Большаков/div>