ҚОСТАНАЙ Қ. 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҢ ЕМХАНАСЫ

салыну жылы - 2010ж.

Қостанай облысының Қостанай қаласында салынған 300 орынға арналған облыстық көп салалы аурухана.

Қостанай қаласының облыстық ауруханасының әрекеттегі құрылысының территориясында біздің компания 300 орынға арналған облыстық аурухананы жобалайды. Ең жаңа медициналық технологиялар тек ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ аймақтарда да болу керек – берілген жобаның мақсаты да сол. Көп салалы облыстық аурухана Қостанай облысының халқына медициналық қызмет көрсетудің көлемін ғана емес, сонымен қатар көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын да жоғарылату керек. Бұл жоба Ұлттың денсаулығын жоғарылату Бағдарламасының арқасында (ҚР Президентінің Нұсқауымен Өкімет қабылдаған – «100 мектеп, 100 аурухана») құрылды.

Ескі ғимараттарды құлату жаңа ауруханалық корпустар мен жанама ғимараттардың кешенін салу үшін кеңістік босатуға мүмкіндік берді. Жоба қолда бар территорияны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік берді. Біздің сәулетшілер құрастырған аурухана кешені қаланың берілген ауданының сәулеттік реңкін жақсартудың мүмкіндігін береді, облыстық аурухананың территориясында орналасқан Денсаулық сақтау департаментінің бар ғимараттарының жалпы ансамбліне келісті үйлеседі.

Қостанай қ. жобаланатын облыстық аурухананың сәулеттік образын құрастырған кездегі негізгі идея 20 ғасырдың басындағы (1911-1913 жж.) тарихи ғимараттардың образын бүгінгі күннің қолайлығымен, функционалдылығымен, линиялардың таңдамашылығымен байланыстыру шешімі болды. Біздің сәулетшілер ескі ғимараттардың сыртқы түрінен ең жақсысын алып, оларды қазіргі замаңның сәулет өнерінің саласындағы ең жаңа құрастыруларына енгізді. Біздің жоба ғасырлардың әсем байланысы деп айтуға болады.

Ауруханалық кешеннің композициясын 5 негізгі бөлік құрайды. Бірімен бірі тек функционалды ғана емес, сонымен қатар бірін бірі келісті толықтыратын блокталған корпустар. Емдік-диагностикалық корпус сегіз этажды стационардан, 4-этажды әкімшілік корпустан, кеңестік 3-этажды поликлиникадан және шаруашылық 3-этажды корпустан тұрады, бірімен бірі барлық функционалды құраушыларды біріктіретін атриумды кеңістікпен байланысқан. Жоба өзінде тарихи экстерьер мен интерьердің жаңа жоғары технологияларын үйлестіреді. Бұл үйлесімділік қайталанбас образды құрайды. Біздің облыстық көпсалалы аурухана ғимараттардың берілген түрінің – аурухана мекемелерінің - үйреніп қалған көрінісін бұзады, мінсіз шешілген және ұйымдастырылған ішкі кеңістіктің жайлылығын еріксіз сезінуге итермелейді.

Сегіз этажды емдік-диагностикалық корпус қалған ғимараттардан басым түседі. Кешеннің көрінетін монументтілігі, оның нақты байсалды силуэті сәулеттік элементтерінің арқасында жеңіл және таңдамашыға айналады. Біздің сәулетшілер Қостанай қаласының сәулеттік тарихи мұрасымен қарама-қайшылыққа түспей, келісті үйлесімін табатын жобаны құрастырды. Біз өткеннің сәулет ескерткіштерін бағалаймыз, адамдарға тек жайлылық пен пайданы әкелетін ғана емес, сонымен қатар жылы естеліктерді қалдыратын өзінің формаларымен тартатын жаңа жобаларды құруға тырысамыз.

АВТОРЛЫҚ ҰЖЫМ

сәулетшілер: В. Лаптев, Ю. Фалин, И. Яценко, Е. Журавлева, Л. Голополосова
конструкторлар: М. Сулейменов, Е. Есенгельдина, Л. Лозанова, Д. Логвиненко, Н. Щекина
инженерлер: К. Лебольд