ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

салыну жылы - 1998ж.

Ауданы 32 мың ш.м. астам. Он екі этажды жұмыс корпусы, конференц-залдардың блогы, кіші офис және он лифт бар, олардың ішінен екеуі панорамалық.

«Қаржы министрлігі» - бұл «VL» компаниясының бірінші ірі жобаларының бірі, бүгінгі күні мұнда үш министрлік орналасқан және табысты жұмыс істеп жатыр: қаржы, мемлекеттік табыстар, экономика және инвестициялар бойынша Агенттік.

Ерекше сәулеттік шешімін құру кездейсоқ емес. Объект күрделі қала құрылысы жағдайында орналасқан. Бір жағынан біздің объект президент сарайының сызықты эспланадасынының кеңістігін қолдап, екінші жағынан – пайдаланылатын көшелердің бір мәнді еместігіне келісімді үйлесуі керек болды. Осы факторлар жобаның авторларын имек линиялардың динамикасына алып келді.

«Қаржы министрлігі» Астана қаласында осындай деңгейлі бірінші әкімшілік ғимарат болды. Ғимарат қайта салынбай, «нөлден» салынды, бұл сәулет-құрылыс ойлар мен шешімдерді толық жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Жобаны құрастыру және құрылыс барысында жетекші әлемдік өндірушілердің материалдары пайдаланылды, сондықтан да бұл объект қауіпсіздіктің барлық нормаларына жауап беретіні туралы барлық жауапкершілікпен айтуға болады. Біздің әрекетіміздің негізгі бағытына сәйкес «Қаржы министрлігі» қазіргі замаңғы іскерлік адамның барлық қажеттіліктері мен сұраныстарын ескерумен құрастырылған. Сондықтан бұл ғимарат максималды жайлылықпен ерекшеленеді, ал жұмыс кабинеттері мен дәліздер мемлекеттік мекемелерге барған кезде үйреніп қалған «қазыналықтан» арылған. «Қаржы министрлігінде» Астанада алғаш рет өзіне жылыту мен желдетуді енгізетін жаңа ауа жүйесі қолданылған.

Берілген уақытта «Қаржы министрлігі» мемлекеттік мекемелер орналасқан қарапайым ғимарат емес, ол Астана қаласының назар аударарлық орындардың бірі. Біртума сәулет шешімі ешкімді де бейжай қалдырмайды. Бұл ғимарат жаңа астананың кескініне келісті үйлеседі, және Астана қаласының «қызықтарының» бірі болды. Ерекше және күрделі қасбет өзінің формасымен назар аудартады. Американдық валютамен ұқсастығы үшін «Қаржы министрлігін» халық «доллар» деп атап кеткен, бұл біршама символдылыққа ие, өйткені мүнда Қазақстан Республикасының негізгі қаржы-экономикалық министрліктері жұмыс істейді. Егер біздің сәулеттік ойымыз халықта өзінің көрінісін тапса, онда жоба тек табысты жүзеге асырылған ғана емес, сонымен қатар біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтарында үлкен эмоционалды бағасын алды деп сенімді айтуға болады.

Жас Қазақстан Республикасының дамуы, жаңа қаланы басталған белсенді салу – осының барлығы Қаржы Министрлігінің қасбеттерінде өзінің көрінісін тапты. Бұл ғимарат өзінің экспрессивті қарқынды формасымен назар аудартады және Қазақстан Республикасының жалауымен ассоциацияланады.

1999 жылы біздің тікелей қатысуымызбен біртума сәулеттік ой бірегей техникалық шешімдермен үйлесетін ғимарат салынды.

АВТОРЛЫҚ ҰЖЫМ

сәулетшілер: В. Лаптев, В. Гладких конструкторлар: А. Кудрявцев, Г. Султанов инженерлер: В. Поздняков, А. Белович