ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҒИМАРАТЫ

(қазір АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ) салыну жылы - 2004ж.

Жалпы ауданы 12 000 м2 астам, ғимаратта 16 этаж, 166 кабинет, конференц зал, өзгертілетін аралықтармен әмбебап зал бар.

2004 жылдың 21 желтоқсанынджа Кенесары көшесінің бойында әкімшіліктің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы болды. Қалалық әкімшіліктің офистік ғимаратына біздің сәулетшілер Минсктен, Кувейттен және Йорданиядан шетелдік инженерлермен бірлесіп жұмыс істеді. Астана қаласының әкімшілігінің ғимараты халықаралық серіктестік пен ақпараттық технологияларының жетістіктерінің нәтижесі деп барлық жауапкершілікпен айтуға болады.

Қалалық әкімшіліктің ғимараты Кувейттің гранты бойынша салынды. Жауап ретінде біздің сәулетшілер жобада танымал Кувейттік мұнаралардың образын пайдалануды ұсынды. Олардың көкке көтерілген ұштары мақсатқа бағытталу сезімін тудырады және қалалық әкімшіліктің ғимаратының өзінің қарқынын толықтырады.

Ғимарат дамыған стилобатты бөлік пен негізгі корпустың 16 этажды басымдығымен моноблок түрінде шешілген, оның жоғарғы этажында барлық дерлік қаланы периметральдік қараумен қала Әкімінің жұмыс кабинеті орналасқан.

Кабинеттер мен оларға жанасатын дәліздер мен холлдардың жайлылығы – осы жобадағы біздің сәулетшілеріміздің жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Осы жобада «билік дәліздері» «билік этаждарымен» табысты алмастырылды деп айтуға болады. Қалалық шараларды жүргізу үшін жеңіл пайдалануы мүмкін өзгертілетін аралықтармен әмбебап зал да қызығушылықты тудырады.

Астана қаласының әкімшілігінің ғимаратының ерекшелігі – қатаң линиялар, артықшылықтардың жоқтығы және қарқынды көлем. Негізгі бөліктің призмалық формасы және оның жоғарғыға ұмтылуы қалалық әкімшіліктің барлық ғимаратына қарқын мен оң бағыттылықты береді. Әкімшіліктің формалары толық аяқталғандық сезімін ғана тудырмай, сонымен қатар қатаңдылық пен ресмилік сезімін береді. Әкімшіліктің ғимаратының негізгі түсін де кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Шынының бай алтын түсі сәулеттік ойды келісті толықтырады және ғимаратқа қосымша келбеттілік береді.

Қатаңдылық, ресмилік және оң қарқынға ие болатын ғимаратты құру міндетін басшылыққа алып, біздің сәулетшілер тікбұрышты горизонталды бөлік пен призмалық вертикалды бөлік сияқты формаларға тоқталды. Бұл жоба бірнеше шетелдік компаниялармен халықаралық серіктестік көз-қарасы тұрғысынан ғана қызықты ғана емес, сонымен қатар сәулеттік шешімді қалалық биліктің символы етіп жасаудың сәтті мысалы болды.

АВТОРЛЫҚ ҰЖЫМ

сәулетшілер: В. Лаптев, В. Гладких, К. Керутис, Е. Журавлева конструкторлар: М. Вайнштейн, Н. Французова, Е. Есенгельдина инженерлер: В. Поздняков, Н. Бухтиярова